Төлеби ауданында ауылдардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында жылжымалы автобус қарастырылған. Медициналық диагностикалық кешенде жалпы тәжірибелік дәрігер, эндокринолог, стоматолог секіді 10-ға жуық маман қызмет етеді. Автобус алғашқы көмек көрсетуге және науқастарды тексеруге арналған құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Медициналық көлікте тіпті арнайы лифт те қарастырылған. Мукаддас Құрбанова ақ халаттыларға жүрегінің мазалауы мен қан қысымына шағым айтып келіпті. […]