Ленгір қалалық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Маржан Керімшеева ұмыт болып бара жатқан қазақтың ортеке қуыршағын билету арқылы оқушылардың домбыраға қызығушылығын арттырып жүр. Оның оқушылары ортеке қуыршағымен байқауларға қатысып, өнерімен дараланып отырады. Маржан Файзуллақызы арнайы жасалған тұғырға орнатылған ортеке қуыршағына жалғанған жіпті домбырашы баланың саусағына байлайды. Оқушы аспапта ойнағанда саусаққа ілінген жіп ортеке қуыршағын […]