Биыл 9 айдың ішінде Түркістанда 49 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл 2021-жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Өткен жылы тілсіз жаудың салдарынан 5 адам қайтыс болған. Осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында төтеншеліктер ақпараттық парақшаларды таратып, тілсіз жауды болдырмаудың жолдарын үйретті. Толығырақ Айдос Игіліковтің бейнематериалында. Жылыту маусымы басталар шақта газ саласының мамандары үздіксіз қызмет етеді. Себебі жеке сектордың тұрғындары көп жағдайда газ пеші мұржасының жағдайына мән бермейді. Ал, оның арты жазатайым оқиғаларға алып келері сөзсіз. Сондықтан «Қазтрангаз Аймақ» өндірістік филиалының мамандары алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Айтуларынша үйлердің бірінде мұржасы бітелсе, енді бірінде пештің ақауы анықталған. ҚАНАТ ТҰРЫСБЕКОВ-«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» ӨКІЛІ - Жалпы аймақта 35 мыңнан аса абонент көгілдір отынды қолданады. Сала мамандары тұтынушыға өз қауіпсіздігі үшін мамандандырылған ұйымдармен келісімшарт жасауды ұсынады. Бүгінде 2477 жеке тұрғын үй секторлары араланып, оның 98 нен кемшіліктер анықталған. БАЗАРБЕК БАҚЫТҰЛЫ - ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ - Естеріңізге сала кетейік газ қондырғысын дұрыс пайдаланбауының кесірінен өткен жылы 5 адам көз жұмған болатын. Биылға ешқандай оқыс оқиға тіркелмеді дейді мамандар.