Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен болдырмау мақсатында, рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отырады. Осы бағытта жүргізілген кезекті патрульдеу кезінде Сайрам АПБ қызметкерлерінің назарына той кортежінде жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан «Тойота» маркалы көлік ілінді. Нақтырақ айтсақ, Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде аталмыш жүргізуші көлігіне қосымша жарықшамдарын, дыбыс сигналын орнатып, заңсыз қайта жабдықтаған. […]