Шымкенттегі тойханалардың бірінде 13 жастағы бала қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті қайғылы жағдайды растады. Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жасөспірімнің өлімі өз сырқатына байланысты болғаны анықталған. Белгілі болғандай, бала тойханада жұмыс істеген. «Анықталғандай, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болған. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі […]