Транскаспий халықаралық көлік бағытында транзиттік жүктің өту мерзімі 12-ден 6 күнге қысқарды. Биыл бұл көрсеткішті бес күнге дейін азайту жоспарда тұр. Жалпы Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүк жеткізу мерзімі 53-тен 23 күнге дейін азайды. Жыл соңына қарай 14-18 күнге қысқаруы тиіс. Бұл жайында Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Кеңесте айтылды. Жиында Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, Ақтау портында […]