Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні мерекеленеді. Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің ресми Telegram каналы. «Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді», – делінген хабарламада. Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш […]