Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Ғалымжан Пірматов президентке биылғы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндап берді. Оның айтуынша, ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде теңгемен салынған депозиттер бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсті. Бұның барлығы валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы […]