Cоңғы жылдары түлектер арасында қайырымдылық жасау трендке айналды. Солардың бірі - биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған Мақталы ауылының азаматтары туған жерлеріне керемет сый жасады. Олар бүгінгі оқушылар бала жастан салауатты өмір салтын біліп өсу үшін ауылға бүтін бір спорт кешенін салып берді.