Түлкібас ауданында екі өзбекстандық азамат газдан уланып қалған. 1986 жылғы 1 азамат ауруханаға комалық жағдайда жеткізілген. Шетелдіктер Қазақстанға құрылыс жұмыстарын істеуге келіпті. Сөздерінше олар түнде көмір жағып ұйықтап қалған. Араға бірнеше күн салып, науқастардың жағдайы жақсарып жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді. «Бірінші науқас Абдукаримов ауыр жағдайда түсті. Науқас 7 сәуірге дейін өкпені жасанды тыныстандыру аппаратында болды. […]