Түркістан облысы Түлкібас ауданында құдыққа түскен 29 жастағы қыз көз жұмды. Оқиға Майтөбе ауылының маңында болған. Құтқарушыларға бүгін сағат 09.18-де 1994 жылы дүниеге келген азаматшаның ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы ақпарат түскен. Құдықтың тереңдігі шамамен 40 метр болған. Облыстық ТЖД мәліметінше, азаматша өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және алкогольді мас күйде болған. […]