Еңбекші АПБ-ның учаскелік инспекторлары түнгі рейд кезінде көңіл көтеру орындары мен тойханаларда даяшы болып жұмыс істейтін 27 жасөспірімді анықтады. Олар аталған мекемелерде демалыс күндері қызмет көрсеткен. Тәртіп сақшылары заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен хаттама толтырды. Ал, баласын түнгі уақытта қараусыз жіберген заңды өкілдер әкімшілік кодекстің 442-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл арқалады. Сондай-ақ, […]