Шымкенттің Тұран ауданында 232 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар қарқын алған. Ауыз су мен электр жарығы мәселесі толық шешілген. Ендігі кезекте газдандыру, кәріз жүйесі мен жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Алдағы екі жылда бірқатар шағынауданға көгілдір отын жеткізіліп, жаңа әлеуметтік нысандар да пайдалануға берілмек. Тұран — Шымкенттегі ірі аудандардың бірі. […]