Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, «тұрғын үй кезегін жылжытып, үй алып беремін» деп алдын ала 450.000 теңгесін жымқырып кеткен. Арадан біршама уақыт өтседе ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полицияның көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» […]