Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы А.-ның «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару әрекетін және хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызы қаралды. Сотта анықталғандай, А. халықтың әлеуметтік жағдай төмен азаматтар тобындағы толық емес отбасы санаты бойынша, тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың есебіне тұрған. Басқарманың хаттамалық шешімі […]