Тұрғындар мемлекеттік баспаналардың сапасына шағымданды

Түркістанда тұрғын үйдің бағасы шарықтап тұрғынымен, сапасы сын көтермейді. Бұған дейін де жаңа баспаналар төңірегіндегі дау-дамайды бірнеше рет көрсеткен болатынбыз. Бірақ, жауапты сала мамандары «мердігерлерге айтып жатырмыз, ескертіп жатырмыз...» дейтін жаттанды сөздерден ары аса алмай тұр. Ал, қыруар қаржыға сатып алған үйлері көз алдында қирап жатқан халық не істерін білмей дал.  Баспананың базынасын айтып жүрген жанды табу Түркістанда оп-оңай. Мәселен, жаңа қала шағын ауданында орналасқан 17/2-і көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері құрылыс жұмыстарына көңілі толмайтынын айтады. Тіпті, адам өміріне қауіп төндіретін сәттер де болады екен. Сондай оқиғаның бірі Гауһардың да басынан өтіпті. Су жаңа баспанасында 1 жасқа енді толған немересі цемент сылақтың астында қалып қоя жаздаған.  ГАУҺАР - Немеремді тартып алып үлгердім... Маған осыны қабылдап алған адамды көрсетіңіздерші... Бұл үйдің Гауһар секілді бірнеше тұрғыны жаңа ғимаратты жамап-жасқаудан шаршадық деп отыр. Кемшілікті өз көзімен көрген басқарма басшысының орынбасары да аң-таң. Бірден жауапты мердігер компания өкілдерін шақырып, құлаған-сынған дүниенің барлығын қайта қалпына келтіруді тапсырды. Бұған дейін пәтер иелері 109 біріңғай байланыс орталығына хабарласып жағдайды бірнеше рет жеткізген екен. Бірақ, орталықтан жалған ақпарат келіпті. Яғни, ешкім келіп көрмесе де, «құрылыс қалпына келтірілді деген жауап» келген. Ал, бұл хабарды мердігер компания өкілдері жоққа шығарды. БЕКЖАН – МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ - Біз бұл оқылықтың орын алғанын 2-3 күн бұрын ғана білдік. Ешқандай 109-дан да, өзге жерлерденде ақпарат тұспеді... Енді, әрбір жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлердің сапасын сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жіті назарға аламыз дейді. Егер, кемшіліктер анықталатын болса, құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекемелерге айыппұл салынады.   

Читать источник turkistan.tv
Сириялықтар Қазақстанда браконьерлікпен айналысқан
«Әкімдерде ықылас жоқ»: Бектенов туристік саланың кенже қалғанын қатаң сынға алды
"Әдемі жерлер өте көп, бірақ жету қиын". Бектенов жолдарды сынға алды
Оқушылар Аналар күніне орай іс-шара ұйымдастырды
Шымкент мешітіндегі төбелес: Имам оқиға барысын айтып берді
«Куликова мектебі» деген осындай!: Аңыз әйел – 80 жаста
Есектерді сойған шаруаға айыппұл салынды
«Әмин» деп айтқан: Шымкенттегі мешітте намаз уақытында ер адам таяқ жеді
Мемлекеттік қызметшілер Түркияда тағылымдамадан өтті
Күзетшіні пышақпен қорқытып, сусын ұрлаған күдікті ұсталды
Алматылық зейнеткердің үйін алаяқтар өз атына аударып алған
Шымкентте екі шенеунік жазаланды
Астанада әлемнің беделді дәрігерлері мен ғалымдары кездесті
Жазғы лагерлерде 45 мыңға жуық оқушы демалады
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін – БАҚ
Талдықорғанда 4 жасар бала құтқарылды
Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері айтылды
«Қорғаудың» көмегімен рульге отыру құқығынсыз көлік тізгіндеген ер адам анықталды
Ордабасы тұрғыны үйінің жертөлесінде есірткі еккен
Disney фильмдері қазақ тілінде көрсетіледі
Шымкентте есірткі өткізумен айналысатын ер адам ұсталды
"Самұрық-Қазына" өндірушілер үшін сатып алу ережелерін жетілдіруде
Алматы әуежайында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды