Кентаулық тұрғындар жақында ғана қуана кірген баспанадан безініп отыр. Себебі, бір ғана қыстың ішінде үй тозып, қабырғалары бүлінген. 50 жыл бұрын салынған ескі үйді екі жыл алдын жергілікті билік жекенің меншігінен сатып алып, кезекте тұрғандарға таратып беріпті. Пәтерлеріне кіргенде қуаныштан бөріктерін аспанға ата қуанған тұрғындар, қазір суық үйде қабат киіммен бүрсең қағып, қиын жағдайда отыр. […]