Шымкентте 50-ден астамды сан соқтырып кеткен алаяқ келіншекке сот үкімі шықты. Іс материалдарына сәйкес, Түркістан облысы мен Тараз, Шымкент қалаларының 53 тұрғыны алаяқтың құрбаны болған. Полиция ұсынған мәліметке сүйенсек, 34 жастағы әйел азаматы жәбірленушілерді электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен […]