Шымкенттің шеткі жағындағы шағынаудан тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін жол белгілерін орнатып беру туралы қала әкімдігіне өтініш жолдаған болатын. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді. Жалпы қала көлемінде 284 бағдаршам нысаны болса, ағымдағы жылы қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 12 бағдаршам орнатылды. […]