Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны сырттай танысы алдап, 2021 жылдың желтоқсан айында 6 миллион теңгесін алып, жоқ болған. Арадан бірнеше ай өткенімен, алаяқ уәдесін орындамаған не ақшаны қайтарып бермеген. Нақтырақ айтсақ алаяқ, жәбірленуші мен қызының банктерде 9 миллион несиесін, 6 миллион берсеңіз, толық төленді деген түбіртек әперемін деп сендірген. […]