Төлеби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар «қарасора» өсімдігіне ұқсас түптер сондай-ақ есірткіні қолдануға арналған құрылғыны тапты. Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, істің мән-жайы анықталуда.