Түркияның нақ ортасында Анкарадан 370 шақырым жерде қазақ ауылы бар. Қазір бұл ауылдан тараған қазақтардың үрім-бұтағы шартарапқа шашырап кетті. Біреуі білім қуып, Еуропаға кетсе, енді біреулері тарихи отанына оралған. Өткен ғасырдың бел ортасында Анадолы аймағына қоныс аударған Алтай қазақтарының қазіргі халі қалай? Кіші Азияны мекен еткен қандастарымыз қандай шаруашылықпен айналысуда? Бұл туралы сенбі күні 19:00 арнамыздан «Түркияның «Алтайы» фильмінен көре аласыздар.