Арнамыздағы жобалар қатары толығады. «Түркістан вайб» деп аталатын жабамыздың түсірілім тобы Сарағаш- Келес аудандарына жол тартты. Облысымыздың 5 жылдығына арналған жоба да әріптестеріміз әр аудандағы қала мен даланың тіршілігін көрермен назарына жаңаша форматта ұсынбақ. Ауылға аттанған топтың жолы келесі де сіздің өлкеңізге түссе таңқалмаңыз. Себебі бағдарлама үш айға жалғасып, облыс бойынша барлық аудандар мен шалғай ауылдарды түсіріп тарих таспасына қалдырмақ.