Түркістан облысында 1500-ден астам әскерге шақырылушы зерделеуден өтті. Бұл туралы брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты. Сөзінше, жыл сайын елімізде әскерге шақырылатын 17 мың азаматтың 4 мыңы Түркістан облысынан жіберіледі. Мәселен биылдың өзінде наурыз айынан бастап 2 мыңнан аса азамат Отан алдындағы әскери борышын […]