Бүгін «Turkistan» халықаралық әуежайына «Turkish cargo» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды. Түркия елінің Ыстамбул қаласынан келген ұшақ бортында «Kazakh cargo» компаниясының 37 тонна жүгі бар. Жүк қабылдау шарасы Түркістан әуежайының тарихында алғаш рет орындалып жатыр.