Шымкентте «Түркістан әйелдері» атты ерекше фотокөрме өтіп жатыр. Жоба мақсаты – ауыр жұмыс істеп жүрген нәзік жандылардың өмірінен сыр шерту, оларды халыққа таныстыру. Онда Түркістан өңірінде тұратын тәжірибелі, іскер аналардың 20-дан аса суреті халық назарына ұсынылды. Зейнет жасындағы Шәрбан Тайшикова 51 жыл өмірін кран айдауға арнаған. Ол бұл көлік түрін ең алғаш 19 жасында тізгіндепті. […]