Тұрғындар арасында экологиялық мәдениет ақсап тұр. Бұл туралы мамандар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжіліс отырысында мәлім етті. Ал облыс басшысы өңірде тазалық жұмыстарын жыл соңына дейін үздіксіз өткізу туралы тапсырма берді. Өңірде экологиялық мәдениет қалыптаспаған дейді мамандар. Сондықтан президент әкімшілігінің инспекторы Ерлан Исабеков халықтың аталған салаға көзқарасын өзгертетін 2024-2029 жылдарға арналған жоспар құруды ұсынды. Сонымен […]