Түркістан футбол федерациясы жылды қорытындылады

Түркістан облысының футбол федерациясында жылды қорытындылау жиыны өтті. Басқосуға футбол федерациясының өкілдері және өңіріміздегі футбол командаларының басшылары мен бапкерлері қатысып, бірқатар мәселелерді талқылады. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов биылғы маусымда премьер-лига ойындарына тұңғыш рет қатысып, орнын сақтап қалған «Мақтаарал» футбол клубының ұжымын құттықтап, алдағы маусымға сәттілік тіледі. Сондай-ақ сөз барысында Қазақстан футбол федерациясының регламентіне сәйкес «Мақтаарал» командасының жылдық бюджеті 1 млрд. 200 миллион теңгеге өсетінін айтып өтті. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев маусым барысында командалардың көрсеткен нәтижелерін айтып, өз пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, биыл премьер лигада ойнаған «Тұран» командасының бірінші лигаға түсуіне байланысты келер маусымда үш бірдей команданың бірінші лигада ойнауы облыс спортының бюджетіне ауыр соғуы мүмкін. Осыдан кейін Түркістан облысының футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев сөз алып, чемпионат кезінде өңір басшыларын командаларды барынша қолдауға шақырды. Федерация басшысы өз сөзінде чемпионат кезінде кеткен қателіктерді де тілге тиек етті. Соның бірі «Томирис-Тұран» әйелдер командасының бапкерлік ұжымына қатаң шара қолдану керек екенін айта кетті. Олар төрт сары қағазы бар ойыншыны алаңға шығарып, өз ұпайларынан айырылған. Осылайша, турнир кестесінде үшінші орын алып, чемпиондар лигасынан құр қалды. Түркістан облысында бүгінгі таңда футболдан ел чемпионатында премьер лигада «Тұран» және «Мақтаарал» командалары өңір намысын қорғап жатса, бірінші лигада «Қыран», «Яссы» командалары өнер көрсетті. Сонымен қатар екінші лигада «Тұран жастар», «Жас Қыран», «Арыс» және «Мақтаарал жастары» бар. Ал әйелдер арасында «Томирис-Тұран» командасы бақ сынады. Келелі отырыс соңында «Мақтаарал» футбол клубының директоры Серікбай Өтегенов пен бірқатар футбол мамандары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды