Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен және жылу қазандығының жай-күйімен танысты. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылып, ешбір тұрғын қиналмауы тиіс деген өңір басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, жылуды үздіксіз беру жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.