«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы жарияланды. Құжатты Ұлттық экономика министрлігі әзірледі және 23 тамызға дейін талқылауға ұсынды. Құжатқа сәйкес Түркістан Қазақстан Республикасының рухани және тарихи орталығы ерекше мәртебесіне ие Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Заң жобасының мақсаттары: Түркістан қаласының Қазақстанның рухани және тарихи астанасы ретінде жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу; Түркістан […]