Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының туризм саласы бойынша отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағын беру туралы бастама қолдау тапқан еді. Жиында Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды тарихтан келешекке бағыт алған түркі халықтарының мәдени және рухани мекенінің жылдан жылға түрленіп жатқанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырғанын атап өтіп, […]