Түркістан қаласында «GASTRO FEST TURKISTAN – 2022» гастрономиялық фестивалі өтеді. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттап, туристерге қаланың қонақжайлығын көрсету. Фестиваль аясында Түркістанның 25-тен астам үздік мейрамхана мен дәмханасы ұлттық тағамдар, жергілікті деликатес пен стрит-фуд дәмділерін әзірлейді. Сондай-ақ, фестиваль шеңберінде концерттік бағдарлама, түрлі конкурстар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады деп жоспарланып […]