Түркістан іргесінен 42 000 гектар жерге «Жасыл белдеу» орманды алқабын құру жоспарланған. Жыл сайын мұнда миллиондаған ағаш көшеті отырғызылады. Өсіп жатқан ағаштардың дені – көпжылдық және қылқан жапырақты. Бүгінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мемкемесінің орман қоры 28 мың гектардан асады. Алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Сауран және Отырар аудандарында орман қоры жерлерін ұлғайту жұмыстары жалғасады. […]