Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады. Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ақиқат Абдуллаев алғашқылардың бірі болып […]