Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді. Сессия жұмысында келер жылдың облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы және басқа бірқатар маңызды мәселелер қаралды.  Сессияда бюджет мәселесі бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады. Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісім беріліп, бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыстар тіледі. - Бүгін біраз әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер қаралды. Олардың барлығы облымысыздың дамуына оң өзгеріс әкеледі, деп сенеміз. Облысқа түсетін пайданың балансын өзгертуге күш салынады. Облыс 90 пайызға республикалық трасфертке тәуелді. Оның өзінде оның жартысы қысқарды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз табыс көзін көбейту керекпіз. Сонда ғана экономикадағы тұрақтылық күшейеді. Халықтың өмір сүру деңгейі артады. Сіздерді де осы бағыттағы жұмыстарға атсалысуға шақырамын. Бірер күннен соң елімізде елеулі оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткелі жатыр. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымызды жасап, белсенді қатысуға шақырамын,-деді Дархан Сатыбалды.  

Читать источник turkistan.tv
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды