ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Зұлфұхар Жолдасов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының жұмысына жетекшілік етеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірінші орынбасарын таныстырды. Осыған дейін ҚР Үкіметі Аппаратында өңірлерді дамыту бөлімінің инспекторы қызметін атқарған Зұлфұхар Жолдасов Президент әкімшілігінің […]