Дүниеде дәрігерден асқан абыройлы, жауапты мамандық жоқ, тәулік бойы денсаулықтың сақшысы болған адамдар ерекше құрметке ие. Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында медицина саласының үздіктері марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар: Фатима Беспаева, облыстық клиникалық ауруханасының пульмонолог дәрігері; Ольга Утянская, №2 облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі; Төлеген Құралбаев, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі; […]