Түркістан облысы мен Шымкентте жылыжай шаруашылықтарына субсидия төлеу басталды. Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген бұл нома 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енген еді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, екі өңірдегі төлемдердің жалпы құны 900 млн теңгеден асады. Субсидия алушылардың басым көпшілігі – жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалар. Ал, субсидия мөлшерлемелері ережеге сәйкес көшеттердің өнген көлеміне қарай төленеді. Қазір Түркістан облысында 112 субсидия алушының 106-сы – шаруа қожалықтарының жылыжайы, 6-сы – өнеркәсіптік жылыжай екені анықталып отыр. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шаруашылықтарды инвестициялық қолдау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейтуге берілетін субсидия көлемін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру туралы өзгерістер енгізді.