Түркістан облысында 1 млн астам сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр

Түркістан облысында дауыс беру процесі ерекше форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтар болсақ, кітап көрмесі мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өнерпаздар ән шырқады. Дарынды жастардан құралған оркестр мен мың бұралған бишілер де өнер көрсетті. Ал ақсақалдар қауымы мен ақ жаулықты әжелер дауыс беру арқылы өнеге көрсетіп, көш бастады. Сондай-ақ, орталық алаңдарда азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Онда күнделікті тұтыну тауарлары мен азық түліктер нарықтан 10-15 пайызға арзан бағада сатылымға шықты. Түркістан облысының тұрғындары да таңмен таласа келіп, сайлауда белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Сайлаудан пробация қызметінде тұрушылармен қатар ауруханадағы емделушілер де тыс қалған жоқ. Үйден дауыс беретін азаматтарға да қолайлы жағдай жасалды. Ал, перзентханадағы жас аналар сайлауға 100% қатысты. Сәбилі болған аналар да сайлау науқанынан тыс қалған жоқ. Ғасыр жасаған кейуаналар мен кәмелет жасына толған жасөспірімдер де сайлауда дауыс беріп, азаматтық белсенділігін көрсетті. Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Облыста 1 миллионнан аса сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр. Еске салайық, облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр.  

Читать источник turkistan.tv
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды