Түркістан облысы Созақ ауданында 16 отбасы тарақан басқан үйде тұрып келеді. Шолаққорған ауылындағы апатты жағдайда тұрған екіқабатты үй осыдан қырық жыл бұрын салынған. Бұл баспананы тәуелсіз сарапшылар апатты деп танығанымен, әкімдік тұрғындарды басқа жаққа көшіруге асықпайтын сыңайлы. Сондықтан да үреймен күн кешкендер жаңа баспана сұрап аудан әкімдігіне барды. Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы екіқабатты үй тұрғындары […]