Түркістан облысы Сайрам ауданында 2 блогер қамауға алынды. Олар мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жазбаны өшіру үшін 100 мың теңге талап еткен. Күдіктілерді облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша ұсталған. «Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, […]