Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдары 2 мыңнан аса Түркістан облысы тұрғындарының шамамен 650 млн теңгеге жуық қаржысын қаржылық пирамидалар заңсыз иемденген. Аталған іс бойынша 22 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, жәбірленушілерге келтірілген залалдың 233 млн теңгесі қайтырылды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев брифингте мәлімдеді. […]