Түркістан қаласы, Сауран мен Отырар аудандарында 15 мың гектар аумаққа ағаш-бұта көшеті егілді. Негізгі меже 31 мың га болатын. Осыған орай облыстық жауапты мамандар арасында талқылау жұмысы жүргізілді. Жиында мәдени екпелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу және мәдени көшеттерді дұрыс отырғызу мәселесі қаралды. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындар 20 107 га аймаққа ағаш, сексеуіл көшеттерін егеді […]