«Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу – басты бағытымыз» деген облыс әкімі бұл бағытта бірнеше аудан, қалада ғана қозғалыс бар екенін айтты. Оның сөзінше көп аудан әлі тапсырманы орындамаған. Өңір басшысы ірі инвестор тарту жұмысында нәтиже шығармаған әкімдермен қоштасамыз деді. Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Қандай салаға қандай инвестиция тартылатыны зерделеніп, жұмыс жүргізілсін. Тек әкімдіктер емес, […]