Түркістан облысында 467 елдімекен газбен қамтылды. Бүгінгі күні тағы 69 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Мәселен Шардара ауданында бұрын-соңды көгілдір отын болмаған. Қазір он ауылдық округтің сегізі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды. Ауданның 70 пайызға тарта тұрғыны қазір газ тұтынып отыр.