Түркістан облысында 94 мыңнан астам ауыл тұрғыны скрингтік тексеруден өтеді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылдың 5 шiлдесіндегi бұйрығына сәйкес, Түркістан облысында 20 қазаннан бастап ауыл халқына скринингтік тексеру жүргізілуде. Аталған тексеруге 18 жастан асқан ауыл тұрғындары қаралуына болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары м.а. Райымбек Тасырбаев мәлім етті. Райымбек Берікұлының айтуынша, жыл соңына дейін Түркістан облысында 94 мыңнан астам ауыл тұрғынын профилактикалық есептен өткізу жоспарлануда.  - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы және «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Осыған сәйкес, ауыл тұрғындарына арнайы профилактикалық тексеру жұмыстары басталды. Бұған дейін ауыл жастары 30 бен 70 жас аралығындағы адамдарға жүргізілетін скринингтік тексерулерден тыс қалатын. Енді ауылдарда нысаналы топтар айқындалып, нәтижесінде 18-ден 29 жасқа дейінгі азаматтардың денсаулығын тексертуге мүмкіндігі бар. Скрингтік тексеру өңіріміздің ауылдарында желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, - деді Р. Тасырбаев.  Брифингте белгілі болғандай, облыс аумағында қазіргі таңда, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтау бойынша 1689 (3,9%) адам, асқазан-ішек жолдары ауруларын ерте анықтау бойынша 3635 (4,2%) адам тексеруден өткен. Сондай-ақ сүт безі обырын ерте анықтау бойынша 452 (10,5%) адам, бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтау бойынша 3626 (3,9%) адам және қуықасты безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша 326 (3,7%) адам скрининг жүргізуге жүгінген. Осы орайда, Қоғамдық денсаулық басқармасы нысаналы топтағы ауыл халқын профилактикалық тексерулерден өтуге шақырады. Бұл тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және қажет болған жағдайда уақытылы емдеуді бастауға мүмкіндік береді.  

Читать источник turkistan.tv
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды