Түркістан облысындағы толассыз жауыннан ауылдарды су басып, 2 жастағы бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданында болған. Өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін жаңбыр суымен толған шұңқырға құлап кетіп көз жұмған. Сондай-ақ Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында 21 үйді су басқаны анықталды. Қорда тұрған 13 уақ мал қырылып қалған. Төтенше жағдай бөлімінің мамандары жергілікті коммуналдық және су шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы техникалармен аулалардағы суды тазартып жатыр. ТАЛҒАТ ДОСАЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ - Түнімен жауған жауын салдарынан Сарыағаш, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында тұрғын үй аулаларына су кіру жағдайлары орын алды. Сарыағаш ауданында 2 мал қора ішіне су кіріп, 13 уақ мал тұншығып қалған. Сондай-ақ Қазығұрт ауданында қорлардың құлау жағдайы орын алған. Жалпы осы су сору жұмыстарына департамент және жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп, тиісту су қашырту жұмыстары атқарылуда.