Түркістан облысында жыл басынан бері кісі өлімі, тонау және бұзақылық фактілері азайған. Бұл туралыТүркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндады. Ауыр қылмыстар санатындағы ұрлықтың ашылуы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 69 пайызға дейін төмендеген. Алайда интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасын құру фактілері артқан. Ал жол-көлік оқиғаларынның саны 5 пайызға өскен.