Түркістан облысында жылдағыдан ертерек көктем жаршысы – бәйшешек гүлдеді. Алғашқы қар гүлін Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи саябағы аумағында көруге болады. Бәйшешек Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қалған аймақтарға қарағанда Шымкентте және Түркістан облысында жұмсақ микроклиматқа байланысты жыл сайын ерте гүлдейді.