Беларусиядан келген білікті дәрігерлер Түркістан облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінде ақауы бар балаларға күрделі оталар жасап жатыр. 25 қараша күні басталған шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін беларустық дәрігерлердің қатысуымен үш балаға тың әдіспен операция жасалды. Тәжірибе алмасу жұмыстары Беларусияның Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, соның ішінде […]